Өжеттілік

Бұл бетте «Өжеттілік» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жасқанбай бар жағдайын
Ашық айтар әрдайым,
Асан біздің өжет-ақ
Шешер істің қандайын.
Ұялмайды именіп,
Ыбылжымас иленіп.
Қимылы – шалт, сөзі – нық.
Қайдан алған үйреніп?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері