Ата Заң
Бұл бетте «Ата Заң» атты Арасанбай Естенов жазған ата туралы өлең берілген.
Ақ тілегін бабамның
Толғай білген.
Денсаулығын адамның
Қорғай білген.
Еркіндікті шектемей,
Кеңдік берген.
Түрің қара, ақ демей,
Теңдік берген.
Әділдікке жақ болып,
Қолдай білген.
Маңдайыма бақ болып
Орнай білген.
Тілегім мен мұңымды
Тыңдай білген.
Еңбекпенен білімді
Шыңдай білген.
Салауатты тірлікті
Қарастырған.
Ынтымақ пен бірлікті
Жарастырған.
Аялаумен өренін
Талпындырған.
Бейбіт күннің өрелі
Салтын құрған.
Адамзаттың алтын таң –
Бақ-тұғыры.
Сәбилердің шалқыған
Шаттық үні –
Ата Заң!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі