Балапандай талпынған
Аяласам Ажарды,
Ілияс жетер артымнан
«Алады ол – деп – мазаңды».
«Ауызында тісі жоқ,
Сөйлеуді де білмейді.
Мен сияқты кісі боп,
Жүре алмайды бұл» – дейді.
Сен де сондай болдың де,
Оған ешбір сенбейді.
«Көпті білер бұл күнде
Маған ата бол!» – дейді.
...Үш жастағы Ілекем
Ақылдының бірі екен.
Бөпесінен бұл мені
Қызғанғандағы түрі екен.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі