Әжем болғым келеді
Бұл бетте «Әжем болғым келеді» атты Арасанбай Естенов жазған әже туралы өлең берілген.
Ақ жаулығын сәндеп ап,
Берер бізге ән де сап,
Әжем менің бал бармақ
Аспазшы да әмбебап.
Кітабын да оқиды,
Шұлығын да тоқиды.
Әлдиімен ұйықтатар
Құйтақандай Сақиды.
Киім-кешек, бұйым да,
Әжемізге бұйым ба?
Тігеді өзі төгілтіп,
Айналдырмай қиынға.
Ертектердің қандайын
Айт десең де, ол дайын.
Сәл қолғабыс тигізсең,
«Таудай бол!» – дер әрдайым.
Өз тәлімі – сенері,
Әрбір ісі – келелі,
Өнер тамған қолынан
Әжем болғым келеді.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі