Алғашқы қоңырау

Бұл бетте «Алғашқы қоңырау» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеттік.
Уақытпен алға жүгірген
Бір жасқа біздер ер жеттік.

Қайырмасы:
Құшаққа толы гүлдермен,
Сыныпты шулы сағына,
Тың қуат, жалын жігермен
Асыға жеттік тағы да.

Есігін ашып айқара,
Қарсы алды алтын ұямыз.
Тынығып, толды ой-сана,
Білімнің нәрін жиямыз.

Қайырмасы:
Құшаққа толы гүлдермен,
Сыныпты шулы сағына,
Тың қуат, жалын жігермен
Асыға жеттік тағы да.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері