Жасасын
Бұл бетте «Жасасын» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мереке бүгін, бақ күні
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы
Түсіндей боп көгімнің.
Қайырмасы:
Жасасын, жаса, Азат күн.
Жасасын бейбіт ел, су, жер!
Еркіндік алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Шырқалады шарықтап,
Асқақ үнді – Әнұран.
Көңіл құсы қалықтап,
Шаттана бір қол ұрам.
Қайырмасы:
Жасасын, жаса, Азат күн.
Жасасын бейбіт ел, су, жер!
Еркіндік алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел. } (2 рет)
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі