Біз - бақытты балдырған

Бұл бетте «Біз - бақытты балдырған» атты Арасанбай Естенов жазған бақыт туралы өлең берілген.

Айқара ашар төрін көк,
Байтақ дала, бақ дала.
“Отаным” - деп, “елім” – деп,
Ән шырқаймыз шаттана.

Қайырмасы:
Құшақ жая алдыңнан
Отан – Ана мәпелер.
Біз - бақытты балдырған }(2 рет)
Арман алға жетелер,
Біз - бақытты балдырған, балдырған.

Алда жарқын күндер көп,
Күтер жарқын жүзбенен.
Ел ертеңі гүлденбек,
Болашағы – бізбенен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері