Наурыз жыры

Бұл бетте «Наурыз жыры» атты Арасанбай Естенов жазған мерекеге арналған өлең берілген.

Шаттық нұрға малынған
Жас та, қарт пен әже де.
Аралап, ауыл-ауылдан
Тойдық бір наурыз көжеге.

Қайырмасы:
Шуағын төге күлімдеп,
Жадырап, жайнап шықты күн.
“Ұлыстың ұлы күні” – деп,
Арқа да жарқа жұрт бүгін.

Үлкендерге ілесіп,
Атыздар бойын бойладық.
Асық ойнап, күресіп,
Наурыз тойын тойладық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері