Бұзауқан

Бұл бетте «Бұзауқан» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұзауқаным, танашым,
Сен де мендей баласың.
Жетекке ермей соңғы кез
Тентек болып барасың.
Апарайын суатқа,
Өлең шөпке, құраққа.
Жетегіме көнбей тек,
Мені сүйреп құлатпа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері