Туынды сөз және балама
Бұл бетте «Туынды сөз және балама» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тереңіне үңілші,
Сөздің қандай өсімі?
Бірден туар бірінші –
Реттік сан есімі.
Бір боп шығар бар мәні
Сөздік қорын молайтар.
Біріншінің ал, қане,
Баламасын кім айтар?
Бірінші оқушы:
Көш керуенде жалғасты
Сан болған соң ең басқы,
Біріншінің болады
Синонимі – алғашқы.
Мұғалім:
Бәрекелде! Жадыра,
Өте дұрыс, дәл айтты.
Қайсың барсың тағы да
Жалғар әрі жауапты?
Екінші оқушы:
Толғандырып ел қамы,
Жарып шығар алқаны.
Бастаушыға айтылар
Тұңғыш сөзі бар тағы.
Мұғалім:
Өте орынды. Жол басын
Салар дәйім намысты ер.
Тұңғыш – біздің Елбасы,
Тұңғыш – біздің ғарышкер.
Үшінші оқушы:
Түп-төркінін сезіне
Мән-мазмұнын біл оның.
Тырнақалды сөзі де
Осыларға синоним.
Мұғалім:
Дұрыс жауап бұл дағы
Аталы сөз тегінде.
Мағынасын біл дағы,
Қолданып жүр өмірде.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі