Антоним сөздер

Бұл бетте «Антоним сөздер» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұғалім:
Қанеки еңсе көтергін,
Зейін салып бәрлерің.
Атайық енді екеудің
Қарама-қарсы мәндерін.
Міне нағыз кез келді,
Тіл ұстартып, ой шыңдар.
Кім айтады ол сөзді,
Қане – зерек қайсың бар?
Бірінші оқушы:
Жанын ұқпас бөтеннің
Менмен адам кез болар.
Антонимі екеудің
Жалғыз деген сөз болар.
Мұғалім:
Бәрекелде, жарадың,
Өте дұрыс жауабың.
Таудай болып талабың,
Шағылмасын тауаңың.
Құттықтайық Әленді,
Артығы жоқ лебіздің.
Кім айтады ал енді
Антонимін егіздің?
Екінші оқушы:
Бір болғанмен суат та,
Жайылымы, танабы.
Бөрте ешкім егіз туад та,
Ақ ешкім жалқы табады.
Мұғалім:
Өте жақсы! Ерледің.
Мықты жауап бұл дағы.
Малдың жайын білгенің –
Ер жігіттің бар бағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері