Үш арсыз

Бұл бетте «Үш арсыз» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біріншіден – ұйқы арсыз,
Екіншіден – күлкі арсыз.
Ыржаң қаққан орынсыз,
Күлегештің сиқы арсыз.
Үшіншісі, санап қой,
Нысабы жоқ тамақ қой.
Осы үшеуін тежеуге
Бала жастан талап қой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері