Үш қасиет
Бұл бетте «Үш қасиет» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ыстық қайрат – шырадай,
Жылы жүрек, нұрлы ақыл.
Тәлім еткен ұлы Абай
Үш қасиет бұл, батыр.
Осы үшеуі әлемде
Кісіліктің өлшемі.
Қастерлетіп бар елге
Асқақтатар еңсені.
Жылы жүрек – мейірің,
Адамзаттың жаны бар.
Ізгілікке бейімін
Жүрегінен танып ал.
Ыстық қайрат – ол басты
Сенімің мен жігерің.
Нұрлы ақылды жолбасшы
Компасым деп біле біл.
Баба сөзін пайымда,
Ер тұлғасы – елге сын.
Үш қасиет бойында
Қалғымасын, сөнбесін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі