Бес

Бұл бетте «Бес» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бес құрлықты шерулеп,
Оймен шарлар жайың бар.
«Бес парыз», «Бес қару» – деп,
Бабаларың пайымдар.
Бес саусақ бар қолыңда,
Намаз да бес уақыт.
Білімге, дін жолында
Біз емеспіз сірә, қат.
Шәкірттердің өрелі
Ой-өрісін бағамдар.
Ең жоғарғы, келелі
Бестік деген бағаң бар.
Өлшемі боп зерденің
Нұрын себер мың санға,
Орны дәйім төрдегі
Қасиетті бұл сан да.
Білім қуып өс, достар,
Таудай тассын талабың.
Көк серкедей көш бастар,
Бестік болсын адарың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері