Жеті саны

Бұл бетте «Жеті саны» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Жеті қат көк» – жеті атау,
Дүниенің тиегі.
«Жеті қазына», «Жеті ата» –
Деп бабалар түйеді.
Жеті санын тақ ұстап,
Қастерлейді, сүйеді.
Жеті нанын бағыштап,
Аруаққа бас иеді.
Қадір тұт та, ардақта,
Шапағаты тиеді.
Жеті деген әр уақта
Киелі сан, киелі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері