Тағдырдың тағылымы
Бұл бетте «Тағдырдың тағылымы» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір маған сабағын талмай берді.
Кезекпен ол мұғалім жалдай берді.
Сол сабақтың түйнін ұққанымша.
Үзіліссіз төктім мен маңдай терді.
Қатал тағдыр жанымды жалмай берді.
Қинадың жәбірлетіп таудай ерді.
Шыңға шығар бір қадам қалған кезде,
Көре алмайтын жандар кеп қарғай берді.
Ұмыттым балалықтың балдай лебін.
Бірге ойнаған жолдастың қандай тегі?
Сағынысып қоңырау шалған кезде,
Байланыс жоқ, ауылы шалғайда енді.
Сезімім де жандарды таңдайды енді.
Жүрексіз қу кеудеге бармайды енді.
Сүйдім деген уәдесін алған кезде.
Махаббатта ғашық қып алдай берді.
Өкінішім бір сәтте самғай келді.
Өзегімді өртеді лаулай берді.
Жол болмаған сорлы боп қалған кезде,
Жалғыз үміт өмірге арбай берді.
Жалғыз үміт өмірге арбай берді.
Ишберген Эльдар
29.09.2026
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі