Жетіген

Бұл бетте «Жетіген» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сегіз қырлы, бір сырлы,
Өнерпаз келер шетінен,
Қазағымның мұң-жырлы
Көне аспабы жетіген.
Мұратқа асыл асыққан
Бабамның көзі, ділі бар.
Жеті ішек, жеті асықтан
Тұратын аспап, үні - бал.
Қадір тұтып қазақтың
Ұлттық сазды аспабын,
Әуезін төгіп ғажап мың,
Құйқылжыт та, аш бағын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері