Бұл қай баға?
Бұл бетте «Бұл қай баға?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сауал:
Ешкі құйрық, айғыр жал,
Құдды санның керігі.
Жігерінен айрылған
Дымбілместің серігі.
Білім десе, жалынсыз
Жалқауларды ұнатар,
Сүйкімі жоқ, қадірсіз,
Бұл бағаны кім атар?
Жауап:
Қамданбасаң ертеден,
Күнделікке бекініп,
Мініп алар желкеге,
Бұл – ұсқынсыз екілік.
Сауал:
Екі-ақ әріп құрамым,
Белортада тұрағым.
Қалдырмаймын сыныпта
Болмасам да пырағың.
Қай бағамын, шырағым?
Жауап:
Әріпке ұқсас түрменен
Асығуды білмеген.
Үш де болса, күш болған
Орта баға бұл деген.
Сауал:
Үш әріп Т-ға қосылса,
Бағаң болар нарқы бар.
Басқы әріпсіз оқылса,
Тілсіз жау боп шарпылар.
Мұғалім:
Бұл қай баға, балалар,
Қайсың барсың шамалар?
Жауап:
Т бастаған бағамыз –
Төрт болғанда нарқы бар,
Басқы әріпсіз, қараңыз,
Өрт шықпай ма шарпылар.
Сауал:
Б бастаса кемемді
Ең бір үздік бағаңмын.
Басқы әріпсіз мен енді
Ақылың боп саналдым.
Жауап:
Ақылыңмын, бағаңмын
Деп тұрған соң өздері,
Шешуі бұл сауалдың
Бес және ес сөздері.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі