Басқы әріптер алмасса
Бұл бетте «Басқы әріптер алмасса» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сауал:
Ж-дан мені бастасаң,
Сан боламын ұлысты.
К-ға айырбастасаң,
Мезгіл болам ырысты.
Жауап:
Ж бастаса ұлысты,
Бұл санымыз жүз болар.
Жыл мезгілі ырысты –
Берекелі күз болар.
Сауал:
Е бастаса керуенді,
Жасы болам еріңнің.
Ұ бастаса мен енді
Жәндік болып, жеріндім.
Тапқыр болсаң, байсалдым,
Айтшы қане, қай санмын?
Жауап:
Елу болса – ер жасы
Ақтанар сыр сандығын,
Өзен-көлдің жолдасы –
Ұлу ғой, ал, жәндігің.
Сауал:
М-ға екі әріп жалғасса,
Дөңгелек сан пірімін.
Ш-ға басым алмасса,
Асқар таудың бірімін.
Мұғалім:
Пірі болып саналар
Талай санның алқалы.
Бұл қандай сан, балалар?
Ойланайық, ал қане.
Жауап:
М бас болған үш әріп
Мың саны ғой мыңғырар.
Ш әрпімен тұсалып,
Тау басында шың тұрар.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі