Тоғыз саны

Бұл бетте «Тоғыз саны» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңіл бөлер құнды аса
Есеп бар мұнда келелі.
Тоғыз ай, тоғыз күн толса,
Дүниеге сәби келеді.
Домбыра тоғыз пернелі
Селдеткен күйдің тасқынын.
Үш тоғыз¹ - бәйгі бермегі
Қазақ үшін басты ұғым.
Атамыздың сүйері,
Ойыны да – тоғызқұмалақ.
Барлық ісі жүйелі
Тек тоғыздан тұрады-ақ.
Тоғыз торап жолы да,
Жетелер сан қиырға.
Қастерлегін оны да
Құдіретіне сиын да.

¹ Бұрын үлкен тойлар мен астарда тігілетін бас бәйгі тоғыз түйе, тоғыз жылқы, тоғыз қойдан тұратын болғандықтан қысқаша осылай айтылған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері