Есептеуге кім жүйрік

Бұл бетте «Есептеуге кім жүйрік» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір ағашта – бес қарға,
Бір ағашта – үш қарға.
Жанындағы жас талға
Және қонды үш қарға.
Соныменен барлығы
Қанша болды, тұспалда.
* * *
Бір бұтақта жеті алма,
Бір бұтақта екі алма.
Бірін өзің жеп ал да,
Біреуін бер Кемалға.
Қалды сонда неше алма?
Шығара алмай осыны
Бұл есептен екі алма.
* * *
Бір ағашта он бұтақ.
Он бұтаққа бір топ құс
Ұшып келіп қонды тақ.
Ағаштағы құс саны
Қане, қанша болды, тап.
* * *
Тоғыз қоян,
Он екі тауықтың
Аяғы қанша?
Береді тауып кім?
Ал құлақ пен құйрығын
Бар ма есептер жүйрігің?
* * *
Көшербайдың бір жастағы
Көлкектеген бұл баспағы
Егінжайға жөнеп кетті.
Соңына ертіп сұр қасқаны,
Дайрабайдың қос танасын,
Момынбайдың қос қарасын.
Ұзын саны болды қанша?
Қане, алғыр, дос, санашы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері