Он үш

Бұл бетте «Он үш» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қуаныш, қызық мол күнің
Жалғасып, жылдар алға асты.
Он үшке толдың сен бүгін,
Ол – мүшелің алғашқы.
Он үш осы тиесі,
Мүшелің бал балалық.
«Он үште – отау иесі»,
Есейесің таралып.
Сезім жетер мұрныңа
Хордың қызын қиялдап.
Асығарсың құрбыңа,
Апайыңды жиі «алдап».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері