Жиырма бес
Бұл бетте «Жиырма бес» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен жүргенде алыстан
Қиялыңмен үміт қып,
Келіп жетер толысқан
Мәрт мүшелің жігіттік.
Жиырма бес ол – арайлы
Жалындаған жазы бар.
Сабылдырған талайды
Ғашықтықтың назы бал.
Тартып мініп ат жалын
Жалындайтын дер шағың.
Алдында да патшаның
Тартынбайтын ер шағың.
Жиырма бес бұл – арынды
Буырқанар бұла жыр.
Жастық шақтың жалынды
Қасиетін ұға біл.
Бейіш бақ ол – бал қылық
Махаббаттың назы бар.
Өшпестей ғып мәңгілік,
Жүрегіңе жазып ал.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі