Көргiм келедi, бiлгiм келедi
Бұл бетте «Көргiм келедi, бiлгiм келедi» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көргiм келедi, бiлгiм келедi,
Дүниенiң барлық құпиясы мен сырларын.
Келедi және тыңдағым
Жаңғыртып жатқан тау iшiн
Бүркiт пен бұлақ дауысын
Бүкiл жүректiң лүпiлiн,
Тамырда қанның ағысын.
Ашылса деймiн алдымнан:
Құшақтар менен қақпалар,
Көкжиектер мен шахталар,
Бар әлем ыстық көркiмен
Жадымда мәңгi сақталар.
Көрейiк, кәне, үңiлiп,
Кеудеңнiң ашшы қақпасын.
Қалтарысында тығылып,
Бықсық ой бұғып жатпасын.
Сезiмiң, ойың, сырыңды
Бекiтпе ешбiр құлыппен.
Өзiңе күндер бүгiнгi
Қарамауы үшiн күдiкпен.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі