Құла түздiң қаңбағы
Бұл бетте «Құла түздiң қаңбағы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құла түздiң қаңбағы
Қайырылып артқа қарамас.
Адамның қаңбақ болмағы
Жарамас... жарамас...
Қиық салсам артқыға,
Көшкендейiн көп жалған:
Желдi күнi жондардан
Қаңбақ қуып алданған.
Тастан тамыр iздеген
Аңқау күннен не қалды?
Қаңбақ қуып бiзбенен
Қыр асты да жоғалды.
Баяғыдай бiз бармыз:
Жоғалған жоқ жырымыз.
Бiреулерге ызғармыз,
Бiреулерге жылымыз.
Дүние, қызық қуалап,
Қанша жерге барыстық.
Удан қашып,
бал iштiк,
Ойхой, дәурен, бәрi ыстық!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі