Бiр адам өттi өмiрден
Бұл бетте «Бiр адам өттi өмiрден» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бiр адам өттi өмiрден,
Бiр үмiт сөндi көңiлден.
Бiр жұлдыз ақты көгiмнен,
Кеуденi қайғы кемiрген.
Бiр ағыс солай тоқтады,
Сөндi бiр өмiр шақпағы.
Маңдайы тасқа тiрелiп
Өштi бiр ғұмыр соқпағы.
Базарын бастан өткерген
Бiр сапар солай шектелген.
Қабiрiн оның жапты кеп
Үзiлген гүлдер бөктерден.
Тамшыдай бұлттан ыршыған
Жалғыз-ақ жүрек тыншыған.
Бiрақ сол жалғыз жүректе
Кеттi ғой талай сыршыл ән.
Тыншыған жүрек...
Оны әлi
Жоқтайды жұрты қаралы.
Осы бiр отты дәптердiң
Оқылмай қалды-ау парағы.
Айтылмай кеттi көп арман,
Айта алмас оны көк орман.
Құлпытас та оны айта алмас
Қаралы гүлге оранған...
Айтылмай кеттi көп арман...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі