Жылдамдық немесе мотоцикл мінген екеу
Бұл бетте «Жылдамдық немесе мотоцикл мінген екеу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үш аяқ мотоциклдiң
Көсiгiнде бала отыр,
Бесiгiнде шал отыр.
Тiзгiндегi ұлы мәз,
Шалдың шыбын жаны отыр.
Мотоцикл зулайды,
Жел құлақта шулайды.
Долы желдiң екпiнi
Шалдың көзiн сулайды.
– Өлтiремiсiң, апыр-рым,
Ақырын жүр, ақырын!
– Ақырын жүрiп келемiз,
Жылдамдық – жүз-ақ шақырым!
Бала газды басады,
Шал шошынып сасады.
Дөңгелектiң астынан
Жол зымырап қашады.
– Жындандың ба, немене,
Жай жүр, өлгiң келе ме?
Бала күлер қарқылдап,
Шал қушияр қалтылдап...
Жас кезiнде жүйрiкпен,
Қасқыр қуып шүйлiккен,
Желден озған мына атай,
Үрейлендi-ау, ұят-ай!
Жас көңiлдi тасытқан,
Қарт көңiлдi жасытқан
Жылдамдықтың қуаты-ай!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі