ЖҰПАРЫҢ

Бұл бетте «ЖҰПАРЫҢ» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

ЖҰПАРЫҢ

Екеуміз де махаббатқа мас болып,
Тамырымда зулап қандар жүгіріп,
Жүзің балқып, нұрға толып құлпырып,
Қызарады алма болып, жан кіріп.

Көзіңде бір сәуле тұр тербеліп,
Сол сәулеге кеттім-ау мен елжіреп.
Құлағыма жылы демің сезіліп,
Бетімнен сүйіп, сыбырлап кеткендей.

Терезеден күннің нұры төгіліп,
Қарап жаттым, айналам тым-тырыс.
Кеше болған тәтті түстің әсері,
Жүрегімде қалғандай бір жылылық.

Ауада тұр әтіріңнің иісі аңқып,
Өзің жоқсың, жұпарың тұр сезіліп,
Буланған айнаға саусағыңмен,
Жүрек салып, «сүйемін» деп жазыпсың.

© Сабазбеков Медет


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер