Түске кірер баянтау – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түске кірер баянтау» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1986
Аттарыңды тауып қойған,
Қызыл шілік, Қыз шіліктер,
Көп күн жүрген салып сайран
Қаласыңдар қыз-жігіттер.
Көп ұзамай жауар енді,
Күз жаңбыры қар аралас.
Жапырақтар жабар көлді,
Тұрар жаурап тау жалаңаш.
Түске кірер Баянтауы
Найза тасты ақжал құздар.
Жаз құшағын жаяр тағы —
Қызыл арша,
ақ жалбыздар.
Арқамыздан жел сабалап,
Мен қарындас,
сен ағалап,
Құшақтап ерке толқындарды
Жүгіреміз көл жағалап.
Кездесерміз жігіттерге,
Жүрген жері — сауық-сайран.
Кіреміз Қыз шіліктерге
Ел есімін тауып қойған.
Жайылар жаз исі ұрланып,
Ақбет таудың адырынан.
Алармыз дем құшырланып
Жас аршаның қабығынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түске кірер баянтау өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түске кірер баянтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түске кірер баянтау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түске кірер баянтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері