Зевстің тойы немесе түнгі теңеулер
Бұл бетте «Зевстің тойы немесе түнгі теңеулер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аспанның қиғаш қасындай,
Дидарын бұлтқа жасырды Ай.
Шашырап жатыр жұлдыздар,
Терiлмей қалған шашудай.
Жайнап тұр аспан моншақтай,
Жұлдыздар – күмiс бауырсақтай.
Теректер – соны терсем деп,
Созылып тұрған саусақтай.
«Жатыр, – деп – тойға жұрт келмей»,
Құс жолы сырын iрiккендей.
Аспанды ақ бұлт сүртедi
Айнаның жүзiн сүрткендей.
...Көктегi тойға бар әлем
Қамданып жатыр
Қарап ем...
Шақырса Зевс
Мен дағы
Осы бiр тойға барар ем!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі