Ақ самай
Бұл бетте «Ақ самай» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ түсiп қапты самайыма
Шымқанған шыңдай мұз-қарға.
Ақталам не деп ағайынға,
Не бетiмдi айтам қыздарға?
Қайда барса да күлiп кiрген
Қалпымда қалып бағайын.
Қылшылдап тұрған жiгiтпін мен,
Қылауланса да самайым.
Отыздан астым,
Бiрақ тағы,
Баласың дейдi ағалар.
Самайға қырау тұрақтады,
Түрi жоқ ерiп жоғалар.
Ағарса, мейлi,
Мұны неге,
Сөз қылып, несiн сасайын.
Ақ бояу аз ғой дүниеде,
Оған да үлес қосайын!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі