Тәуелсізбіз, Егеменбіз, Азатпыз!
Бұл бетте «Тәуелсізбіз, Егеменбіз, Азатпыз!» атты kadirbeknurzhan жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
ТӘУЕЛСІЗБІЗ, ЕГЕМЕНБІЗ, АЗАТПЫЗ!
Тәуелсіздік алған қазақ халқымыз,
Армандадық азаттықты жалпы біз.
Тәуелсіздік толғауы тек шырқалсын,
Кең байтақ ел, ұлықтайтын салтымыз.
Көрсе-дағы қанша мұңды азапты,
Сындырмады еш қиындық қазақты.
Егемендік туы үшін жаулармен,
Түбін жойды Алашым бұл тозақтың.
Берілмеген зиялылар, батырлар,
Жыр ғып жазды елін сүйген ақындар.
Көк байрақты биік қолға ұстайық,
Патриотшыл, елге жаны жақындар!
Ұлан-байтақ даласында қазақтың,
Талай түнек артта қалды, азап күн.
Өткен күндер қайта айналып келмесін,
Тәуелсіздік мәңгі тілек елге шын!
Тәуелсіздік келді найза ұшымен,
Тәуелсіздік келді батыр күшімен.
Тәуелсіздік талай жылдар, ғасырлар,
Қиындықпен келді — мен де түсінем.
Ел деп көптің, төгілді көп терлері,
Аманат қой ата-бабам жерлері.
Тәуелсіздік — мәңгі жырым жырлайтын,
Аман болсын патриотшыл ерлері!
Тәуелсізбіз, егеменбіз, азатпыз,
Ғажап елді мекендеген ғажаппыз.
Басқа елдермен тереземіз теңдескен,
Жері байтақ, көңілі кең қазақпыз!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі