Шертетұғын сырым мол саған менiң
Бұл бетте «Шертетұғын сырым мол саған менiң» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шертетұғын сырым мол саған менiң,
Ақтарайын көңiлдiң бар өрнегiн,
Саған деген сезiмiм үзiлмесiн,
Үзiлсе де ең соңғы алар демiм.
Жақсылығын жалғанда өлшемеген,
Өзiңдi мен сүйенiш еңсе көрем.
Мен тағдырға бас иiп, бұл фәниде
Бақ пен сорым өзiңнен келсе деп ем.
Күмбiрлетiп кеудемiз ән өрлетсе,
Жастығымыз жалынды, алаулы өтсе,
Сен ояттың жүректiң жанартауын,
Өзiң сөндiр соны ендi шамаң жетсе!..
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі