Жаңбырлы таң

Бұл бетте «Жаңбырлы таң» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаңа ашылған таң кiрпiгiн
Жабады бұлт жабағы.
Жаңбыр менен тал бүршiгi
Тереземдi қағады.
Кешiп өтiп көкөзендi,
Тауып үйiң соқпағын.
Сәулем, сенiң терезеңдi
Мен де осылай қаққамын.
Ендi кешiп көкөзендi
Үйiңе жол таппаймын.
Шырағы өшкен терезеңдi
Ендi қайтып қақпаймын.
Жаңбыр бүркiп, жел есе ме,
Сенi еске алған кезiмде?
Жылап тұрған терезе ме,
Жылап тұрған өзiм бе?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері