Тілші

Бұл бетте «Тілші» атты Тұрсын Жолымбетқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір тұлға бар қоғамда
Тілші деген,
Жолдас болып көрдің бе
Тілшіменен?
Жайлы жолдас болмайды
Тілші саған,
Әз жанында әмір жоқ
Тыншымаған.
Ішкен асы бойына тарамаған,
Мазасыздық жүрегін шымшылаған.
Тілші осындай құпия сыршыл адам,
Қылдан тайсаң саған да оңай тимес,
Қылт еткенді сезеді ол сыншыл адам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері