Тұрсын Жолымбетқызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Тұрсын Жолымбетқызы - 1936 жылы қазіргі Санжы қаласының Ащылы ауылында дүниеге келген. 1951-52 жылдары Шыңжаң өлкелік Кадрлар мектебінде оқыған.
1952–1955 жылдары Санжы ауданында және облыстық партия комитетінде қызмет істеді.
1956–1970 жылдары «Шыңжаң газеті» редакциясында еңбек етті.
1970–1984 жылдары Орталық халық радио станциясының қазақ бөлімінде жұмыс істеді.
1984–1990 жылдары тағы да «Шыңжаң газетінде» аға тілші болды.

Тұрсын Жолымбетқызы ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында қызмет ете жүріп, қыруар хабар мақала, очерк, эсселер жазумен бірге үздіксіз өлең жазумен айналысқан. Оның Орталық Ұлттар баспасынан жарық көрген «Тілші сыры», «Өмір сыры», «Көңіл сыры» атты көлемді кітаптары және «Мен» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

Оның шығармалары мемлекеттік дәрежеде бір рет, автономиялы район көлемінде төрт рет, аймақ деңгейінде үш рет үздік деп танылып, сыйлық берілген.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері