Айрылсам қалам дейтін қанатымнан

Бұл бетте «Айрылсам қалам дейтін қанатымнан» атты Тұрсын Жолымбетқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айрылсам қалам дейтін қанатымнан,
Жүдеймін салтанатты санатымнан.
Мен ауырсам қалады бірге ауырып,
Секілді тағдыры бір жаратылған.
Мен де жаттым ауырып сен де жаттың,
Мұқалып күміс жебе қайратыңнан.
Ауру меңдеткеннен тебін кетіп,
Жазуға қалса-дағы ебім кетіп,
Жабырқап қалғаным жоқ сенім кетіп,
Миыма тыным бермей жүрген қиял,
Жарық көрер күн болса еркім бекіп,
Дедім де үмітімді жалғай бердім,
Түсіп кеткен қаламға қолым жетіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері