Есейеді ер жетіп алғыр ұлан
Бұл бетте «Есейеді ер жетіп алғыр ұлан» атты Ұлыхан Сұлтанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есейеді ер жетіп алғыр ұлан,
Әрбір іске қарайды әр қырынан.
Қыста қарлы боранға қарсы жүрсе,
Нәр іздейді жаздың да жаңбырынан.
Жар басынан тартады ат тізгінін,
(Бейне осылай шығарсыз тәп сіз бүгін).
Қуанады, әрине, табысына,
Енді сабақ етеді сәтсіздігін.
Қуанады үйренген өнеріне,
Көз салады алдағы белеңіне.
Егер оған кезіксе бір қиындық,
Қуанады көз жетсе жеңеріне.
Дүниеде сан-алуан бар қуаныш,
Талап, еңбек, нәтиже, ар-қуаныш.
Тәтті күй, тамылжыған ән-қуаныш,
Жаның сүйген аяулы жар қуаныш.
Қыз қуаныш, әрине, ұл қуаныш,
Жарып шыққан жүректен жыр қуаныш.
Қажытқанда қайғының зіл соққысы,
Қалқасында тұрады бір қуаныш.
Өміріңде көресің мың қуаныш,
Ойын емен, сен үшін сын қуаныш.
Қарабұлтын қайғының сейілте алсаң,
Жігерің мен қайратың шын қуаныш.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі