Ұлыхан Сұлтанқызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Ұлыхан Сұлтанқызы - 1940 жылдың 26-желтоқсанында Құлжа ауданының Борбосын ауылында дүниеге келген. 1955-58 жылдары Іле қыздар орта мектебін үздік тамамдап, 1958-63 жылдары Шынжаң университетінің физика факультетінде оқыған. 1963-64 жылдары Күшәр аудандық 1-орта мектепте мұғалімдік қызметке араласқан. 1964 жылы Іледегі Шапшал аудандық 1-орта мектепте, 1966 жылдан бастап Іле облыстық 1-орта мектепте оқытушы болған.

1957 жылы «Іле газетіне» жарияланған «Әжеме», «Сайрам жырлары» деген өлеңдерімен өзінің ақындық қарымын танытқан Ұлыхан кейіннен «Көбелек», «Жыр дәптері - сыр дәптері», «Дала дидары», «Азамат жарнамасы» атты жеке жыр жинақтары арқылы өлең өлкесіне ат байлады. Ән текстерін жаза жүріп те оқырман-тыңдарман қауым арасында есімі кең таралды. Ол сөзін жазған «Наз», «Қарлығашым» әндері қытай қазақтары арасында жиі орындалады. Проза мен публицистика саласында да ол өзінің қалам қуатын байқатып жүр. «Қайран Жайна» әңгіме-повестер және «Ән симфониясы және хикаяттар» атты эссе-очерктер жинағы оқырманның
жылы ілтипатына ие болды. Ұлыханның түрлі дастандары әр кезеңде Шыңжаңдағы кейбір басылымдар ұйымдастырған жабық бәйгелерде сан мәрте жүлделі орындарды иемденді.

Ұ.Сұлтанқызы қытайдағы қазақ ақын қызкеліншектері арасынан қара үзіп шығып, жоғары қоғамдық, мемлекеттік қызметтер де атқарды, түрлі баспасөз орындарына жетекшілік етті.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері