Ана жаны
Бұл бетте «Ана жаны» атты Ұлыхан Сұлтанқызы жазған ана туралы өлең берілген.
Мен анамын, мен де ұрпақ өсірдім,
Соларменен масайрадым, көсілдім.
Қабақ шытса солар үшін күйзелдім,
Бірақ, оның сотқарлығын кешірдім.
Соларменен бірге заулап арманым,
Мейірімді тек соларға арнадым.
Жығылар ма-сүрінер ме, тоңар ма,
Деп әйтеуір ойлай берем бар қамын.
Табысына жырғап қалам жадырап,
Иіп кетем ақ лағым жамырап.
Еріксізден сонда ойға оралар,
Бала күнім,
Анам түскен шаңырақ.
Күлдім бе екен, отырдым ба томсарып,
Тәтті ме едім, мен де анама соншалық.
Күйзелттім бе, ана жанын ақаулап,
Қуанттым ба, арманына жол салып.
Өмір-керуен алға тартып барасың,
Ей, үлкендер,
Бәрің кеше баласың.
Сен туғанда,
Ойладың ба тебіреніп,
Қандай күйде болғандығын анашың.
Кешіріңіз мен де білмен бұл жайды,
(Кім мүсіркеп өміріме қол жайды ).
Тек тілерім:
Ана жаны кіршіксіз,
Ана жаны барлығын да болжайды.
Ғазиз басын деп бала үшін садаға,
Шыжақ болып ана түсер араға.
Ана жанын ұға білмес бар бала,
Бала жанын түсінеді бар ана.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі