Наз
Бұл бетте «Наз» атты Ұлыхан Сұлтанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(ән сөзі)
Деуші едім өзіңді асыл арманым,
Өршіл сезімді жасыра алмадым.
«Гүлім» деп едің
Күлімдеп едім,—
Демеп ем ғой бұл басылар жалын.
Жамылып,
Еркем,
Аппақ ай түнді
Әнмен елітем жаттап атыңды.
Тағы наз етші,
Тағы мәз етші,
Тағы жаз етші махаббатымды.
Самал таңертең өбеді беттен,
Сен боп, жан еркем,
Келеді көктем.
Тағы жайнашы,
Тағы сайрашы,
Сарқылсын әнің неге жүректен.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі