Өлең
Бұл бетте «Өлең» атты Гүлжаһан Қыдырмоллақызы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Қытықтап жанымды жыр ғашық,
Жүремін оңаша сырласып.
Кейбір сәт шөлейтте құм басып,
Меңдейді жұтаңдық мұң басып.
Ондайда кенезем кепкендей,
Шашылып ойларым кеткендей,
Мүсіркеп қаламын жаутаңдап,
Бейуақыт мұң назын шерткендей.
Қайдасың самалым есетін,
Көңілдің құндағын шешетін.
Еркелей елітіп назымен,
Масайрап шалқытып кететін.
Бір баста бақ пен сор алмасып,
Заңдылық етеді арбасып.
Жүйкелеп басса да нала мұң,
Бір кезек күлкі ойнар жалғасып.
Мейлі ашты тәтті боп татқаным,
Үмітін жалғайды ақ таңым.
Еншім бар досым силаған,
От қанат қиялым мақтаным.
Арманның адырын аралап,
Асылын ойлардың таңбалап.
Бір мықты туса өлең өлмейтін,
Жарқырап кетеді бар алап.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі