Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Гүлжаһан Қыдырмоллақызы - 1941 жылы қазан айында Шәуешек қаласының Ащылы ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Шыңжаң университетінің физика факультетін бітірген. Ол аймақтық асыл тұқымды сиыр фермасының мектебінде оқытушы және мектеп меңгерушісі болған. 1981 жылдан бастап Шәуешек қалалық 6-орта мектепте қызмет істеп, 1994 жылы демалысқа шыққан. 1980 жылдан бастап ұдайы он жыл аймақтық, автономиялы район бойынша «Озат оқытушы» атанған. Социализм жеңісінің 50 жылдығына орай Қытай елінің мәдениет саласы бойынша «Әйгілі адамдар есімдігіне» аты енгізілген.
Ақынның шығармашылық жолы 1960 жылы университет қабырғасында жүргенде басталған. Оның «Алаулаған ақ сағым» атты жыр жинағы қытайлық қазақ оқырмандары арасында кеңінен таныс.
Гүлжаһан Қыдырмоллақызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле-қазақ автономиялы облыстық жазушылар қоғамының мүшесі.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі