Ұлағатты аналар
Бұл бетте «Ұлағатты аналар» атты Гүлжаһан Қыдырмоллақызы жазған ана туралы өлең берілген.
Жыл санап өтсе уақыттың кесек тізбегі,
Жүрегім менің шаттықтың жырын іздеді.
Анашым деп толғана талай жыр жазғам,
Жанымды қажап өгейліктің іздері.
Ал енді бұгін ана боп мен де марқайдым,
Көктемім өтіп, жүзімді шарпып күз лебі.
Сыйлаған бақыт алаулап атып ақ таңым,
Емес қой, сірә, азаптың жүгі тартқаным.
Жұлдыздай жайнап ұлдарым мен қыздарым,
Көтерсін талмай дәуірдің ауыр батпанын.
Тілегім шалқып көгершін болып самғасын,
Ұрпақтың көріп сөнбейтін шырақ жаққанын.
Дәуірде жаңа бақыттың кілтін бұраған,
Әлемде үнің теңіздей толқып тулаған.
Аналар ұлы, аналар бүгін дара сот,
Тарихта өткен мәртебе мұндай болмаған.
Анадан туып еліме тірек даналар,
Ананың өлмес ұлағат сөзін тыңдаған.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі