Елім, саған айтарым
Бұл бетте «Елім, саған айтарым» атты Гүлжаһан Қыдырмоллақызы жазған отан туралы өлең берілген.
Ер азамат елдің мықты тірегі,
Бірге соққан еліменен жүрегі.
Ер намысын - ел намысы деп біліп,
Ерлігінің туын биік тігеді.
Ерлерде бар нағыз ұлы қасиет,
Ерлігіне тау сүйініп бас иед.
Ер тұрғанда жауға берік қамалың,
Басынбайды ашкөз дұспан, қас ниет.
Қиындықта артатұғын ел сенім,
Жарқылдатып жауға сілтер семсерің.
Ізгілігі сарқылмайтын ұлы өзен,
Ұлылығы тау тұлғалы еңселің.
Қас батыр ол жауға шауып қызатын,
Жау ордасын тас-талқан қып бұзатын.
Елім-айлап басыңа күн туғанда,
Қанмен жуған жүрегіңнің сызатын.
Шын жүректен, елім, саған айтарым,
Жолатпаңдар жауыздықтың сайқалын.
Қылт еткеннің жағасынан бұра да,
Шыңырауға ат, қағып ал да сайтанын.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі