Күйеу балама
Бұл бетте «Күйеу балама» атты Әлима Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақтарылып қуанышты той күнге,
Ақын анаң кезек ап тұр ойлы үнге.
Күйеу балам, өз баламмен бірдейсің,
Бөлене бер аналық ақ мейірімге.
Жыр тасқыны ағытылып кеудемде,
Ықыласын тойыңа арнап теңдеуде.
Атамыздың жоралғылы жолымен,
Жүрегімнен айтарым бар сендерге.
Қормал анаң сендер үшін сая бақ,
Кең құшағын өздеріңе жаяды ақ.
Болар едім төбем көкке жеткендей,
Бір-біріңді сыйлап өтсең аялап.
Жүрек отым алауласа маздаған,
Жыр оралды бұрын-соңды жазбаған.
Қос құлыным маңдайымның бағысың,
Ғұмырымда сендер үшін мәз болам!
Менің күткен үмітімнен шығар деп,
Ақтарылып алағызып тұрам көп.
Тойларыңа арнап жазған өлеңім,
Қала бермек менің өшпес мұрам боп.
Сендер барда көңілімді жүдетпен,
Той күніңді аңсауменен күзеткем.
Сол тойыңның құрметіне жыр жазды,
Анаң сенің айдай аппақ тілекпен.
Ақ тілекті өздеріңе жалғадым,
Саралаңдар тілегімнің салмағын.
Алтын сынды болса екен деп бармағың,
Балам, саған алтын жүзік арнадым.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі