Әлима Ысқақ

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Әлима Ысқақ - белгілі журналист, ақын, аудармашы, фолькоршы, этнограф, өнертанушы. 1944 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. Бастауыш және орта мектептерді осында үздік бітірген. 1961–67 жылдары Шыңжаң ауыл шаруашылық институтында машиналандыру мамандығы бойынша толық курсты оқып тауысып, 1968 жылдан 1982 жылға дейін Баркөлде, Майтау кен орнында, Күйтің су құрлыс мекемесінде түрлі қызметтер атқарған. 1985 жылдан бастап Іле-қазақ автономиялы облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің «Іле айдыны» журналында редактор, аға редактор болып еңбек етті. 1999 жылы зейнетке шыкты. 1961 жылдан бері көркем әдебиетке араласа бастаған ол «Жүрек сыры», «Жастүлек», «Отанға махабат» атты жыр жинақтарын жариялап, өлең өлкесіне өзіндік із салды.

Қытайдағы мәдениет төңкерісі науқанының сынағынан сүрінбей өткен Ә. Ысқақ журналистикамен шұғылдана жүріп, көркем шығармашылық жұмыстардан да қол үзген жоқ.

Ұзақ жылғы зерттеулері нәтижесінде Ә. Ысқақ ұлттық қолөнеріміздің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Ол осы тақырыпқа байланысты 5-6 томдық жүйелі кітап жазып, ұлттық қолөнерімізбен қолөнершілерге қатысты құнды фотосуреттер, үн таспалар, қолжазбалар, естеліктер жинақтап, мол рухани қордың қалыптасуына себепші болды. Сырттағылардың ешбір көмегінсіз, бекзаттық мұраларды құтқару, жинау, зерттеу, зерделеуді ол өзінің бұлжымас борышы санайды.

Ұлттық құндылықтарымызды болашаққа жалғау үшін қажымай-талмай еңбек ету Ә.Ысқақ үшін заңдылыққа айналған. Қолөнер зерттеу мен өлең Әлима шығармашылығының қос қанаты іспетті.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері