Меруерт
Бұл бетте «Меруерт» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Эх, Меруерт, Меруерт!
Санам – түтiн, жаным – өрт!
Сен туралы ойлардың
Бүгiн маған бәрi дерт.
Ақша жүзiң үлбiреп
Көкшетаудың бұлтындай,
Бiр қарасаң мөлдiреп
Жүрек қалмас жұлқынбай.
Жаның бейне Жұмбақтас,
Көлденеңге тiл қатпас.
Сымбатыңа сұқтанып,
Ұясына күн батпас.
Өзiң жаққа бiр талмай,
Қанат қақтым, Меруерт.
Күнге ұмтылған Икардай
Болар ма екем тағы мерт?
Эх, Меруерт, Меруерт!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі