Әскерге кел бауырым

Бұл бетте «Әскерге кел бауырым» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған бауыр туралы өлең берілген.

Арулар күтіп жүрер «әскерде» - деп,
Ер жігіт шыңдалады әскерге ке(лі)п
Қадірін де білесің ата-ананың,
Алақанын сағындым әскерге ке(лі)п.

Ер жігітке әлбетте әскер керек.
Бауыр табат,сан түрлі достар көрет.
Қазақ болып тудым деп мақтанушем,
Атпен шауып үйрендім әскерге ке(лі)п

Әскерде қала көрдім дала көрдім,
Отанын шын сүйетін дара болдым.
Күн көрмеген қалада бала едім,
Қақталып күнге күйіп қара болдым.

Бауырым әскерге кел өмірді көр,
Отанға шын ниетпен көңілді бөл.
Құдай өзі сақтасын жау шапса егер,
Ел үшін жігітпізғой тұрып берер.

Әскерге кел қалалас, ауылдасым,
Әскерде бәрің маған қарулассың.
Қабылдаған антыңа берік болып,
Отаным деп жүрегің дамылдасын.

Әскерге менде келдім ағайындар,
Билет сатып алатын жағдайым бар.
Жау шапса егер отанды кім қорғайды,
Соны да бір сәт еске ап, ойланыңдар!

Шығарылған күні: 27.10.2019 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер