Қара тон
Бұл бетте «Қара тон» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ қар. Көк түн. Бояу аз.
Жұлдыз көзi – суық мiр.
Сақылдайды сары аяз,
Ауа әйнектей сынып тұр.
Қақпалы үйдiң қасында
Қара тонды жiгiт тұр.
Тон iшiнен күледi,
Қолаң шаш қыз – киiк бiр.
Қысқы түнде қара тон –
Махаббатқа баспана.
Үйленiп үлде кисең де,
Сол тонды, жiгiт, тастама?!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі